Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды

06.01.2021 22:19

Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі

Zakon.kz

Шымкенттің бас санитар дәрігерінің «Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап. Қаулы бойынша, Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындар әлеуметтік қашықты кемінде екі метр сақтап, маска тағып жүруі қажет.