Алматыда вирус жұқтырғандар саны азаймай отыр
Осы күні Алматы қаласында 2715 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Қаланың барлық ауданында науқастар тіркелді. Онлайн өткен брифингте қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сырқаттанғандардың 97-сі республиканың басқа өңірлерінен келгендер екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Шет елден келгендердің 66-сынан тіркелді. Алматы қаласының жалпы сырқаттанғандардың сырттан әкелінген үлес салмағы 3,7 пайызды құрайды. Мысалы профилактикалық тексеру кезінде 783-і 28,8 пайызды құрайды», – деді қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек БЕКШИН.
Сондай-ақ, брифингте бүгіннен бастап қалада фитнес орталықтар қызметін қайта бастайтыны белгілі болды. Жұмысты бастар алдында, олар Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы керек. Нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режимді, жаттығуларда әлеуметтік қашықтықты сақтау, персоналдар мен келушілердің термометриясы және т.б. кіретін барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс. Одан өзге, Жандарбек Бекшин қандай орындар әлі ашылмайтынын атады.
«Ашық бассейндер, жағажайлар, саябақтар мен скверлерде, сауда мен ойын-сауық аттракциондар іске қосылмайды. Қаланың шетіндегі және мектептегі сауықтыру нысандар – шипажайлар ашылмайды», – деді қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек БЕКШИН.
ЖҰМЫСЫН БАСТАҒАН НЫСАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
– санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс;
– жаттығуларда әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс;
– персоналдар мен келушілердің термометриясы тексерілуі керек;