Халық банк қызметкері коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмады

16.03.2020 22:24

Дәл қазір ол бөлек изоляторға алынып, қажетті емдік шаралар толыққанды жүргізіліп жатыр

afk.kz

Халық банк қызметкері коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі, банктің баспасөз қызметі індет жұқтырған адам банк қызметкері емес, өзге компанияның өкілі дейді. Ол өзінің жұмыстарымен қаржы мекемесінің ғимаратына кіріп, тек банк қызметкерлермен ғана байланыс орнатқан. Алайда өзінде коронавирустық инфекция бар екенін білмеген. Кейіннен өзге қызмет өкілінің ресми түрде қауіпті індетті жұқтырғаны белігілі болды. Дәл қазір ол бөлек изоляторға алынып, қажетті емдік шаралар толыққанды жүргізіліп жатыр.

«Науқастанған өзге компания қызметкері де, онымен байланыс орнатқан банк қызметкерлері де клиенттермен мүлде байланыс орнатпады. Ол жандар қазір карантинде. Банк қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін бақылау мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Қазіргі таңда банк те, терминалдар да қалыпты жұмысын жалғасытырып жатыр», – деді Halyk bank АҚ баспасөз қызметкері Досбол АРЫСТАНБЕКОВ.