Бетпердені 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет
Аталған дерттен сақтанудың бірнеше жолын қандай? Респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда тазалық сақтап, медициналық маска киіп жүрген жөн, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оны 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет. Мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болған дұрыс. Респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамау керек. Кір қолмен көз, мұрын, ауызды ұстамау қажет. Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ ішпей тұрып қолды міндетті түрде кем дегенде 20 секунд бойы сабынмен әбден жуу керек. Сабын болмаған жағдайда құрамында спирті бар қағаз майлықты қолданыңыз. Жөтелгенде не болмаса түшкіргенде ауыз бен мұрынды алақанмен емес, беторамалмен немесе шынтақпен жапқан жөн. Жіті респираторлық инвекцияның немесе жаңа коронавирустық пневмонияның белгілері байқалған сәтте медициналық мекемеге бару қажет. Науқастың жағдайы нашарласа, сол мезетте жедел жәрдем шақыру керек. Жедел жәрдем бригадасы келгенше, алдын алу шараларын сақтап, ешкімге жақындамаңыз, өз бетіңізше емделмеңіз!