Еуропаның кейбір елдерінде шектеу шаралары қайта күшейтілді

orda.kz
orda.kz
Соңғы аптаның өзінде Еуропада 2,1 млн адамнан коронавирус анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропада  коронавирус індеті қайта белең алды. Коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне алаңдаған кейбір елдер шектеу шараларын күшейтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Вакциналау науқанының жоғары деңгейі мен сапалы денсаулық сақтау жүйесі бар Еуропада апта сайынғы коронавирус көрсеткіші қазан айынан бері қарқын алған. Бүгінде аймақтағы жағдай бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.

Соңғы аптаның өзінде Еуропада 2,1 млн адамнан коронавирус анықталған. Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Украинада – осы бес мемлекетте науқастар саны алдыңғы апталармен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Адам өлімі де жиілеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткен аптада науқастардың он пайызға мәлімдеді. Вирустың күшеюіне қарсы түрлі шара қолданылуда.

Нидерланды үкіметі 12 қарашада үш аптаға созылатын жартылай локдаун жариялады. Австрия екі өлкеде вакцина алмағандарға 15 қарашадан бастап үйден тек маңызды шаруалармен ғана шығуға рұқсат берді. Германияда кейінгі күндері коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткішке ие болған. Дегенмен ресми орындар локдаун енгізбес үшін  халыққа епені міндеттемей отыр.

Новости партнеров