Алматыда бүгін коронавирус инфекциясынан толық сауыққан 9 пациент стационардан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде ауруынан жазылғандардың бесеуі - әйел, біреуі - ер адам болса, қалғаны - кәмелет жасына толмаған 16 жастағы 2 жасөспірім мен 17 жастағы қыз екенін айта кету керек.
«Оның төртеуі 27 наурызда Санкт-Петербордан, екеуі 24 наурызда Дубайдан және Мәскеуден, біреуі 20 наурызда Ыстамбул – Тбилиси – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген және екеуі инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған», - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Науқастар ауруханада 16-18 күн емделген. Олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылды.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстанда 81 адам, оның ішінде Алматыда 37 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.