COVID-19: Алматыда жағдайы ауыр науқастар саны 30 пайызға төмендеген

20.07.2020 23:22

Онлайн-брифинг барысында Тамара Утағанова бетперденің маңыздылығын тағы бір мәрте айтып берді

Фото: Parentingupstream from Pixabay

Алматыда COVID-19-дан жағдайы ауыр деп саналған науқастар саны 30 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшы-дәрігер Тамара Утағанова қала бойынша эпидемияға қарсы күрес және инфекциядан емдеу шараларының кешенді жүргізілуінен дейді. Қаланың жедел штабының басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде өңірдегі ахуал біртіндеп тұрақты жүйеге түсіп келеді. Сондай-ақ, сарапшы дәрігер үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға өз бетінше түрлі антибиотик ішпеуге кеңес берді. Тек дәрігердің қарауынан өтіп барып, арнайы маманның тағайындаған дәрісін пайдалану қажет. Онлайн-брифинг барысында Тамара Утағанова бетперденің маңыздылығын тағы бір мәрте айтып берді.

«Расында, адамдар бетперденің көп түрін қолданады. Өздері тіккен және дәріханадан алғандары бар. Дәріханалардан алған бетперде 3 қабатты. Сондықтан оның қорғанысы көп. Ал, үйде жасалған бетперденің ол матасына байланысты. Кейде адамдар бетпердені қалтасына салып, біраз уақыттан кейін оны қайтадан алып жатады. Олай болмайды. Сондықтан бетперденің қорғауы оның қалай пайдаланатынында», – деді И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының сарапшы-дәрігері Тамара Утағанова.

Инфекционист маман көпшілік арасында кең таралып жүрген «коронавирустан айғу үшін тұзды суға түсу керек» дегенге жауап берді. Оның айтуынша, қауіпті індеттен тек, қолды жиі жуып, бетперде тағу сынды санитарлық шараларды сақтау арқылы сақтана аламыз дейді.