Қазақстанда 240 адам корновирус індетінен айықты

15.04.2020 23:41

Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1290-ға жетті

aa.com.tr

Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1290-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Елордада 297 адам аты жаман аурумен ауырса, Алматыда 380 азаматтан анықталды. Шымкент қаласында 40 жағдай тіркелген. Өңірлерде де өршіп барады. Қызылорда облысында 125 адам жұқтырған. Қарағанды облысында 80, Ақмола облысында 79, Атырау облысында 70. Жамбыл мен Түрксінтан облыстарында бұл көрсеткіш 49-ға көтерілді. Солтүстік қазақстан облысында 26 болса, Алматы болысында 25. Батыс қазақстан облысында 18, Ақтөбе облысында 12, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында 11 жағдайдан. Шығыс қазақстанда 8, Қостанай облысында 5 науқас тіркелді. Айта кетейін, осы күні коронавирустан жазылып шыққандар саны 240. Өкінішке орай, қауіпті індет 15 отандасымыздың өмірін жалмады.