Қазіргі уақытта Моңғолияда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелген
27 ақпанда Моңғолия президенті Халтмаагийна Баттулгу Қытайға бір күнге барып келгені үшін 14 күнге карантинге жатқызылды, деп хабарлайды CentralAsia.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, президенттің қасында болған шенеуніктер де сараптама тапсырып, арнайы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылған.
Моңғолия президентімен бірге Қытайға сыртқы істер министрі, ҚХР-дағы Моңғолия елшісі, Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың басшысы, президент әкімшілігінің басшысы мен президенттің сыртқы саясат мәселелері бойынша кеңесшісі барған.
Қазіргі уақытта Моңғолияда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелген. Олардың барлығы басқа елдерден келген.
Дерек көз: kaz.tengrinews.kz