Қазақстанда барлығы 203 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 46 науқас, Атырау облысында 7 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Қазақстанда барлығы 203 адам коронавирустан жазылып шықты
"Бүгін сағат 18:40 дейін елімізде жалпы 203 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 110, Алматы қаласында – 58, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Павлодар облысында – 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында - 12, Батыс - Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Ақмола облысында – 4 адам", – делінген хабарламада.