Эпидемия басталғалы бері қауіпті індетті 32 597 адам жұқтырған
Б. Сағынтаев кәсіпкерлермен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантин шараларының тиімділігін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онлайн форматта өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен карантин шараларын сақтау және ШОБ-қа қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Б. Сағынтаев мутацияға ұшыраған вирус штаммының тарап, жағдайдың ушығуына байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін атап өтті. Оның айтуынша, таралу жылдамдығы бойынша қазіргі жағдай өткен жазға қарағанда әлдеқайда күрделі.
Эпидемия басталғалы бері қауіпті індетті 32 597 адам жұқтырған (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1602,0 құрайды). 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 14 856, 2020 жылы КВИ-ді жұқтырған 18521 науқас тіркелген. 27 наурызда бір күннің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 510 науқас тіркелді (жергілікті), соның ішінде 415 науқаста симптомды болса, 95-і симптомсыз.
Осы ретте Б. Сағынтаев барша тұрғындарға карантиндік шараларды қатаң сақтауға, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шараларды өткізуден, адам көп шоғырланған жерге бармауға шақырды.
Кездесуде кәсіпкерлер салықты, жалдау ақысын мен басқа да міндетті төлемдерді кейінге қалдыру, сондай-ақ қаржылық қолдау сияқты шараларды ұсыну туралы сұрақтар қойды. Бұл мәселені әкімдік үкіметпен бірге талқылайды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жазғы алаңдар мен «Ашық» жобасына кіретін компаниялардың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар, бизнес қауымдастық «Ашық» жобасының функционалдығын кеңейту және вакцинацияланған тұрғындарға денсаулық паспортын енгізу туралы пікірлер айтты. Сондай-ақ, аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері алдағы жаппай вакцинация науқанын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.