Инфекциялық стационарларда барлығы 1431 адам, оның ішінде 54 бала бар
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада 2 маусымдағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 69 941 жағдайы тіркелді, оның 54 141-і симптомды және 15 800-і симптомсыз, 1772-сі анықталмаған пневмония. Өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 208 жағдайы тіркелді, оның 180-і симптомды және 28-і симптомсыз, 10-ы анықталмаған пневмония. Тәуліктік өсім - 0,2%. Репродуктивті саны - 0,702.
Инфекциялық стационарларда барлығы 1431 адам, оның ішінде 54 бала бар. 56 науқастың жағдайы өте ауыр, 308-і ауыр, 1067-сінің халі орташа ауыр.Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 106 сырқат жатыр, мұндағы 243 төсек орын бос. ӨЖЖ аппаратында – 24, инвазинді емес ӨЖЖ-да - 55, High flow аппаратында 26 науқас бар.
Бүгінде үйде, АМСК және Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында 1 617 науқас бар, олардың 237-і симптомсыз, 1331-і жеңіл және 49-ы орташа ауырлық дәрежесінде. Инфекциялық стационарлардан шығарылған науқастардың жалпы санының 451-і оқшауланған және амбулаториялық бақылауға алынған.
Алматыда тәулігіне 15670 сынақ жасайтын 26 ПТР зертханасы жұмыс істейді, олардың 26 992 дейін сынама жасауға мүмкіндіктері бар.Сондай-ақ, 14 ИФА зертханасы бар, олардың тәуліктік сынама жасау мүмкіндігі - 3248.
Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту шаралары қабылданды. 2021 жылдың 6 қазаны мен 1 маусымы аралығында Алматы қаласының халықаралық әуежайына бортында 354 464 жолаушы бар 2 427 рейс келіп қонды. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен келген жолаушылар саны - 328 367, анықтамасыз келгендері - 25 528, вакцина паспортымен келгендер - 569.
ПТР сараптамасын тапсыру үшін карантиндік стационарға жатқызылғандар - 25 496 адам. 125 оң нәтиже алынды (Түркия - 37 жағдай, Біріккен Араб Әмірлігі - 35 жағдай, Египет - 33 жағдай, Белоруссия - 5 жағдай, Украина - 7 жағдай, Мальдив аралдары - 4 жағдай, Оңтүстік Корея - 2 жағдай, Мали - 1 жағдай, Ресей - 1 жағдай).
Сондай-ақ, сертификаттың болмауына байланысты 32 шетел азаматы елден шығарылды.