Б. Сағынтаев Алматы ауруханаларындағы жасанды өкпе вентиляция аппараттарын тексеруді тапсырды

02.04.2020 04:50

Бүгінде мегаполис емханаларында 625 медициналық жабдық бар

Фото m.azh.kz

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Алматы ауруханаларындағы жасанды өкпе вентиляция аппараттарын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде мегаполис емханаларында осындай 625 медициналық жабдық бар. Қалалық жедел штаб отырысында қала әкімі барлық аппаратты науқастар мен COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қолдану керектігін айтты. Сондай-ақ, шаһар басшысының сөзінше қауіпті індетке сараптама өткізетін орталық мамандары толықтай қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Төтенше жағдай және карантин кезінде штаб 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, дезинфекция жұмыстарын қадағалау, қоғамның қауіпсіздігі, азық-түлікпен қамту, тұрғындарды хабардар ету және денсаулық саласын дамыту сынды қызметтер атқарады. Штаб жұмысына барлық қалалық қызметтер тартылған. Негізгі міндет – тұрғындардың сұрағына жылдам әрі нақты жауап беру. Айта кетейік, барлық тапсырма қала басшысының қатаң бақылауында.