Коронавирустан айыққандар саны 29 адамға жетті

04.04.2020 00:27

Дәл қазіргі мәлімет бойынша, республика аумағында бұл көрсеткіш 460-қа жетті

dw.com

Коронавирустан айыққандар саны 29 адамға жетті деп хабарлайды, Almaty.tv.  

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Дәл қазіргі мәлімет бойынша, республика аумағында бұл көрсеткіш 460-қа жетті. Осылайша, елордада індет 199 адамнан анықталса, Алматы қаласында 93.  Шымкент қаласында 11 жағдай тіркелген. Өңірлерде де дерт дендеп барады: Қызылорда облысында 26, Қарағанды облысында 22, Ақмола облысында 19 болса, Атырау облысында 20-ға жетті. Түркістан облысында 19,  Алматы облысында 9, Солтүстік Қазақстанда 18-ті көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 8, ал Ақтөбе облысында 7 дерек тіркелген. Шығыста 4, Батыс Қазақстанда 2 адам қауіпті індетті жұқтырған. Ал Маңғыстау, Павлодар мен Павлодар облыстарында бір-бір адамнан анықталды. Коронавирустан айыққандар саны 29, Нұр-Сұлтанда 16 адам, Алматы қаласында 13 азамат жазылып шықты. Аты жаман аурудан 3 отандасымыз бақилық болды.


СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

Расталған жағдай: 460

Нұр-Сұлтан қаласы - 199

Алматы қаласы - 91

Шымкент қаласы - 11

Ақмола облысы - 19

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 9

Атырау облысы - 20

Шығыс Қазақстан облысы - 4

Жамбыл облысы - 8

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 22

Қызылорда облысы - 26

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 1

Қостанай облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 15

Түркістан облысы - 19

Жазылып шыққандар: 29

Нұр-Сұлтан қаласы - 16

Алматы қаласы - 13

Қайтыс болғандар: 3

Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Ақмола облысы - 1

Қарағанды облысы - 1