Кезекші топтарға баратын оқушылар арасында ауру фактісі тіркелген жоқ – Алматы әкімдігі

09.10.2020 02:00

2020-2021 оқу жылдары 271 мыңнан астам оқушыны қамтитын 207 мемлекеттік мектеп және 16 мыңнан астам оқушыны қамтитын 66 жеке меншік мектеп жұмыс істейді

elements.envato.com

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мегаполис мектептерінде қашықтан оқытудың қалай өтіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020-2021 оқу жылдары 271 мыңнан астам оқушыны қамтитын 207 мемлекеттік мектеп және 16 мыңнан астам оқушыны қамтитын 66 жеке меншік мектеп жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтықтан оқуда. Сонымен қатар, қаланың 133 (64%) мектебінде 11 840 баланы қамтыған 923 кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Кезекші сыныптар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, сыйымдылығы 15 адамнан аспайды», – деді Қ.Жұманов.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті күнделікті мектеп оқушыларының COVID-19-бен ауырғаны туралы талдау жүргізіп отырады және бүгінде 8 бала есепке тіркелді, олардың барлығы қашықтан оқитын балалар, кезекші топтарға баратын оқушылар арасында ауру фактісі тіркелген жоқ.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Қ. Жұманов БЖБ және ТЖБ-ды 1-тоқсанда өткізу туралы 2-11 сыныптарда педагогтер бөлім үшін бір жиынтық жұмыс жүргізетінін немесе оны БЖБ деп атайтынын және тоқсандағы бір жиынтық жұмыс-ТЖБ-ды атап өтті. Ағымдағы жылғы БЖБ 5-15 қазан аралығында, ТЖБ-ды 28 қазанда өткізу ұсынылады.

2020 жылғы 5 қазанда қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мектептердің қызметі туралы жүргізілген мониторинг қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өтті. Осылайша, мектептерде оқу процесін ұйымдастыру кезінде мектеп алдында тұрған басты міндет – балалардың өмірі мен денсаулығының толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Алматы қаласы білім басқармасы қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 42 мың және Үкіметтің резервтік қоры есебінен 38,5 мың компьютерлік техника сатып алды.

Бүгінгі таңда компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді қажет ететін оқушылар 100%-ға қамтамасыз етілген.

«Интернетке қол жеткізуді қажет ететін 30 мыңнан астам оқушы үшін SIM-карталар сатып алынды және берілді, ал интернетке қол жеткізе алмайтын мұғалімдер үшін қажетті санитарлық шараларды қамтамасыз ету шартымен мектеп қабырғасында онлайн сабақтар өткізуге мүмкіндік берілді», – деп атап өтті спикер.

Білім басқармасы Цифрландыру басқармасымен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, жылдамдығы төмен жерлерде қосымша мобильді базалық станциялар орнатты.

Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру үшін мектеп педагогтердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін, функционалдық мүмкіндіктері бойынша неғұрлым қолайлы инфрақұрылымы және білім беру мазмұны бар интернет-платформаны таңдайды. Мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыруда, интернет-платформалардан басқа, кез-келген қол жетімді байланыс құралдарын қолдана алады.

Оқу жылы басталар алдында тамыз айында Алматы қаласы Білім Басқармасы 15 000-нан астам мұғалімді қашықтан оқыту үшін платформаларды пайдалану бойынша оқыту жүргізді. Алғашқы күннен бастап қанша мектеп қандай интернет-платформаларда жұмыс істейтініне статистикалық талдау жасалады. Қазіргі уақытта мұғалімдер қашықтан оқыту үшін келесі платформаларды пайдаланады: Kundelik, Onlinemektep, Opiq, Daryn.онлайн, Сфера, Google classroom, Google meet, MS Teams, Zoom.

Оқу жылының басында ата-аналардың өтініштерін үнемі қадағалап отыру үшін білім басқармасында және барлық 8 ауданда Кері байланыс үшін Колл-орталықтар, Телеграмбот құрылды, сондай-ақ Инстаграм және Facebook парақшалары ашылды. Сонымен қатар, мектеп әкімшіліктері оқушылардың ата-аналарымен оқу процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Келіп түскен барлық қоңыраулар уақтылы қаралып, шешіледі. Барлық туындаған сұрақтар бойынша колл-орталықтың +7 775 908-5598 нөміріне хабарласуға болады.