Коронавирус: Қазақстанда 10-науқас тіркелді

17.03.2020 00:48

Ыстамбұл–Алматы рейсімен ұшып келген тұрғыннан анықталған

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 10-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген 1986 жылғы қыздан коронавирус анықталған.                                             


Қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара атқарылып жатыр. Елде Төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды.