Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

18.09.2021 01:18

Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

ortcom.kz

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv

Құжатқа сәйкес, жұмыс және демалыс күндері Ashyq қатысушыларына түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал, жүйенің «көшбасшысы» саналатын мекемелер түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады. Алайда бизнес нысандарға тек жасыл мәртебесі бар келушілер ғана кіре алады. Сондай-ақ, қала аумағында 7 қыркүйекте басталған вакцина алмаған қызметкерлерге рейд жұмыстары жалғасады. Ал, қала тұрғындарына қоғамдық көліктерде бетпердесіз  қатынауға тыйым салынды. Заңбұзғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Жолаушылардың маска кигенін бақылау үшін қоғамдық көліктерге арнайы дабыл қаққыш құрал орнатылады.