Карантин: Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі

18.03.2020 01:29

Алматы қаласында карантин 19 наурызда түнгі сағат 00.00-ден бастап енгізіледі

©Турар Казангапов

Алматы қаласында карантин 19 наурызда түнгі сағат 00.00-ден бастап енгізіледі. Ал, карантиннің басты мақсаты – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралуын тоқтату, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізгі шаралар: Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі; Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады; Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады  және іргелес аумақтар тазаланады, Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі; қалаға кіреберістерде 27 блок бекеттер орнатылады; Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады; Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Карантин кезінде балабақшалардың; азық-түлік емес сауда орындарының; азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.

Негізгі шаралар:

• Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;

• Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады;

• Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады және іргелес аумақтар санитарлық тазаланады;

• Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі;

• Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттері орнатылады;

• Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады;

• Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.

Карантин кезінде:

- балабақшалар;

- азық-түлік емес сауда орындары;

- азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.