Медеу ауданында «Атмосфера» бары жұмыс істеген, онда 80-ге жуық адам болған
Алматыда мониторинг топтар карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл 15 мамырынан 16 мамырына қараған түні белгіленген шектеулердің 7 бұзушылығы анықталды. Анықталғандардың жалпы санынан: 6 нысан мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 1-і компьютерлік клубқа жатады.
Анықталған бұзушылықтар арасында:
- Бостандық ауданында «Нино» мейрамханасы жұмыс істеген, онда 80-ге жуық келуші болған.
- Медеу ауданында «Атмосфера» бары жұмыс істеген, онда 80-ге жуық адам болған.
Мониторинг топтардың өкілдері атап өткендей, айыппұл салынған барларда, мейрамханаларда және компьютерлік клубта келушілер лимиті асып, әлеуметтік қашықтық сақталмаған.
Мысалы, «Атмосфера» барында 80-нен астам адам болған, ортада билеген. Сыртынан қарағанда мекеме жұмыс істемей тұрған сияқты болып көрінген, дегенмен қонақтар қосалқы кіреберіс арқылы кіргізілген. Иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Санитарлық нормалар бұзылған «Нино» мейрамханасында мониторинг топ өкілдері ТЖ қызметін шақырды, өйткені әкімшілік олардың жұмысына кедергі келтірген. Эпидемиологиялық талаптарды бұзу, сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша тиісті материалдар жиналды.
Биыл 20 наурыздан 16 мамырына дейін барлығы белгіленген шектеулердің 841 бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
* Алатау ауданында - 19 ;
* Алмалы ауданында - 198;
* Әуезовте - 140;
* Бостандық ауданында - 137;
* Жетісуда - 52;
* Медеу ауданында - 149;
* Наурызбай ауданында - 50;
* Түрксіб ауданында - 91.
Анықталған объектілердің жалпы санынан 589-ы мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 107-сі компьютерлік клубқа, 16-сы бильярд клубына, 44-і СПА-ға, 28-і саунаға, 2-і кальян барына, 26-сы караоке клубқа, 1-і букмекерлік кеңсеге, 20-сы түнгі клубқа жатады. 3 мыңнан астам жеке тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жауапты болуға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию маңызды. Өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияға оң ПТР бар 591 жағдай анықталды. Естеріңізге сала кетейік, карантиндік шараларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.