Түрксіб ауданында одан өзге қандай медициналық нысандарда модернизациялау жұмыстары жүргізілді?
Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін тағы бір медициналық мекеме қолданысқа берілмек. 500 төсек орнына шақталған аурухана барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тіпті, орталықтандырылған медициналық газ жүйесі де бар. Түрксіб ауданында одан өзге қандай медициналық нысандарда модернизациялау жұмыстары жүргізілді? Almaty.tv тілшісі Арнат Дүйсеннің бейнематериалында.
2017 жылы құрылысы басталған бұл нысан алғашында психоневрологиялық интернат болуы қажет еді. андемияға байланысты қалалық әкімдік аурухананы коронавирус жұқтырғандарды емдеуге бейімдеді. Бірнеше бөлімнен тұратын нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, жақын күндері қолданысқа берілмек.
«Ғимараттың жалпы аумағы 29 мың шаршы метрді құрайды. Ауруханада 8 қабылдау бөлімшесі мен 45 орынға шақталған жансақтау бөлімі бар. Сондай-ақ, мұнда компьютерлік томография мен ПТР зертхана да орналасқан. Ғимарат толықтай санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларға сай», – деп хабарлайды қалалық Жайлы орта басқармасының бас маманы Серік Ғалиев.
Санитариялық номарлар демекші, мұнда барлық бөлімде желдету жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, ауруханаға келетін және сыртқа шығарылатын су толықтай залалсыздандырылады. Су жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының филиалында медициналық қалдықтарды да жою мәселесі жолға қойылған.
Бұл медициналық мекеме орталықтандырылған оттегі жүйесімен жабдықталған. Яғни, жансақтау бөліміндегі өкпенің жасанды желдеткіш аппараттарына оттегі мына құбырлар арқылы жеткізіледі. Дәл қазір мұнда соңғы тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, Түрксіб ауданында орналасқан тағы медициналық нысанға жапсарлас ғимарат салынды биыл. №4 қалалық перзентхананың жаңа корпусы COVID-19 инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді емдеуге арналған. 1200 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан 3 қабаттан тұрады. 50 өсек орнына шақталған жаңа корпуста хирургиялық, реанимациялық жабдықтар мен өкпені жасанды желдету аппараттары бар.
«Біз құрылыс жұмыстарын наурыз айында бастадық. Мұнда медициналық құрылғылардың барлық заманауи. Біз өз кезегінде 2 жылға кепілдік береміз. Егер осы уақыт аралығында қандайда бір ақау шығатын болса, компания өз қаржатына жөндеп береді», – деді құрылыс компаниясы директорының орынбасары Талғат Тәжібаев.
Осылайша, қалада аты жаман ауруды емдеуге арналған төсек орындарының саны тағы да 550-ге артты.
Арнат Дүйсен, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы