Бүгінгі күні өңірде қауіпті індетке шалдыққандар саны 7-ге жетті
Солтүстік Қазақстан облысында 3 әкімдік маманы мен 2 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі күні өңірде қауіпті індетке шалдыққандар саны 7-ге жетті. Облыстағы ахуалға байланысты 3 сәуірден бастап Петропавл қаласы карантинге жабылады. Қала әкімдігінің қызметкерінен коронавирус 31 наурыз күні анықталған. Кейін бірінші сәуір күні індеттің тағы екі әріптесіне жұққаны белгілі болды. Инфекция 49 және 45 жастағы әйелдерден табылған. Бұдан бөлек, аты жаман індет екі медицина қызметкеріне жұққан. Олардың біреуі карантинге жабылған Тайынша қаласында лаборант, екіншісі Петропавл қаласындағы карантиндік стационарда жұмыс істейді.
«Егер сіздерге үйде отыру керек деп айтылса, демек үйден шықпау керек. Егер 65 жастан асқандар үйден шықпасын десе, демек ешқайда бармаңыздар. Қажет болса туыстарыңызға, әлеуметтік қызметтерге хабарласыңыздар бірақ 65 жастан асқандарға көшеге шығуға тыйым салынады», – деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна ГОРЛОВА.