Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3292 оқиғасы тіркелді, ал соңғы екі аптада қалада ауыру деңгейінің екі есе көбейгені байқалған, соған байланысты инфекцияның одан ары таралуын болдырмау мақсатында осыған дейін жүзеге асырылып жатқан шараларға қосымша шаралар қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қосымша шаралардың қажеттілігін түсіндіріп, қала тұрғындарының өзіндік тәртіп сақтауының маңыздылығын тағы да еске салып өтті.
«Коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктер екені жасырын емес, ол жерлерде адамнан адамға тығыз қарым-қатынас жолымен жұғады және одан іс жүзінде қашып құтылу мүмкін емес. Міне сол себепті осы демалыс күндері қоғамдық орындарға баруға шектеу қою және сол жерлерде жаппай дезинфекция жүргізу шешімі қабылданды. Дезинфекцияның коронаврустың алдын алудың негізі болып табылатынын, және осы ұғымға жеке гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, үйде дезинфекциялық құралдардың көмегімен ылғалды тазалық жүргізу және бөлмелерді желдетіп отыру сынды талаптар енеді», – деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.
Осылайша, Жандарбек Бекшин тағы да азаматтарды профилактика шараларын сақтауға шақырып, эпидемиологиялық жағдайдың көбіне көп азаматтардың өзіндік тәртіпті сақтауына байланысты екенін атап өтті. Ол сонымен бірге, осыған дейін енгізілген шектеу шараларының сақталатынын, және осы шаралар кешенінің адамдардың жаппай жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Көшеден келгеннен кейін, айналадағылармен байланыс жасағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
Амандасу кезінде құшақтасып, қол алыспау;
Қоғамдық орындарда бір реттік медициналық маскаларды әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып қолдану;
Қоғамдық орындарға барудан аулақ болу (СОО, спорттық және ойын-сауықтық шаралар, қарбалас кезде қоғамдық көліктерге барудан);
Коронавирус белгілері бар адамдармен бір бөлмеде қалудан және жақын байланыс жасаудан аулақ болу;
Қолыңызбен ұстаған гаджеттерді, оргтехника мен үстіңгі (беткі)қабаттарды дезинфекциялау.
COVID-19-ға күдіктенген жағдайда дереу оқшауланып, маска тағып, оны әрбір үш сағат сайын ауыстыру керек. Жағдайы нашарлап, дене қызуы көтерілсе емханаға хабарласып, өзінің жағдайы мен шағымдары туралы хабарлап, дәрігерлердің нұсқаулығын қатаң ұстану керек. Сонымен бірге адамдармен байланысты азайту керек, әсіресе жұқтыру белгілері болса, жөтеліп, түшкірген кезде ауызды жабу үшін бір реттік салфеткаларды пайдаланған жөн, бөлмеде ылғалды тазалықты дезинфекциялық құралдардың көмегімен жүргізіп, жиі желдетіп отыру керек.
Сұрақтар болған жағдайда Алматы тұрғындары 1406 немесе 1308 номерлері бойынша хабарласа алады (OpenAlmaty).