Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Алматы қаласы: 1964 жылы дүниеге келген ер адам және 1971 жылы туған әйел адам.
Ақтөбе облысы: 1955 жылы туған ер азамат.
Павлодар облысы: 1954 жылы дүниеге келген әйел адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды.