Жаңа қаулы: Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

03.09.2021 02:57

Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмысы 24:00-ден 02:00-ге дейін

Almaty.tv

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv

Жаңа қаулы бойынша Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен, ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі. Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін ұзартылған. Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмысы  24:00-ден 02:00-ге дейін. 

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.