Карантин: Қандай жағдайда көшеге шығуға болады

29.03.2020 03:00

65 жастан асқан тұрғындар сыртқа шықпауы қажет

pikabu.ru

Азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін Алматыда карантин режимі күшейтілді. Сағат тілі 00:00 көрсеткенде, яғни 27 наурыздан 28 наурызға ауысқан уақыттан бастап, кейбір қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Алматылықтар тағам, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу, сондай-ақ төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек алу үшін ғана көшеге шыға алады. Төтенше жағдай кезінде, бір отбасыдан шыққан адамдарды қоспағанда, қоғамдық орындарда үш адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Ал, үй жануарларын серуендетуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ туған-туысқанға бармаңыз және қонақтарды қабылдамаңыз. 65 жастан асқан тұрғындар сыртқа шықпауы қажет. Бұл жағдайда мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қажетті көмек көрсетеді. Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз қала бойынша жүруіне тыйым салынады. Карантин кезінде адам көп жиналатын саябақтар, жағалаулар, балалар мен спорт алаңдары және басқа да демалыс орындары жабылады. Діни мекемелердің рәсімдері мен іс-шараларды өткізу қызметі шектеледі.


КАРАНТИН РЕЖИМІ КҮШЕЙТІЛДІ


28 Наурыздан бастап қозғалысқа шектеулер қойылды:


Көшеге шығуға болады:                     Көшеге шығуға болмайды:

Тағам, азық-түлік алуға                              3 адамнан артық                                              

Дәрі-дәрімек алуға                                     65 жастан асқан адамдарға

Шұғыл медициналық көмек алуға               18-ге толмаған балаларға                            

                                                                 ересектердің қарауынсыз

Үй жануарларын серуендетуге


Саябақтар, жағалаулар, балалар мен спорт алаңдары және басқа да демалыс орындары жабылады. Діни мекемелердің діни рәсімдері мен іс-шараларды өткізу қызметі шектеледі.