Коронавирус індетінен тағы 8 науқас көз жұмды

20.06.2020 03:09

Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Коронавирус індетінен тағы 8 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облысы: 1950 және 1958 жылдары туған әйелдер, 1962 жылы дүниеге келген ер адам

Шымкент қаласы: 1962 жылы туған әйел адам,

Нұр-Сұлтан қаласы: 1954, 1958 және 1952 жылдары туған әйелдер, 1950 жылы дүниеге келген ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.