Ақтөбе қаласында 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында өз пәтерінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген өлім белгілері бар егде жастағы ерлі-зайыптының денесі табылған болатын. Оларды баласы өлтіргені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, облыс прокурорының міндетін атқарушы Қуандық Рахметов шықты. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталып, Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамауға алынды.
«Сол күні №2 қалалық полиция бөлімі ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен қосарланған кісі өлтірді деген күдікті анықталды, ол мойындау айғақтарын берді», - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Құзырлы ведомство нақтылап өткендей, азамат В. мас күйінде жанжал кезінде қарсыласушылардың денесінің әртүрлі жерлеріне ас үй пышағымен соққы бергені анықталды, соның салдарынан олар мерт болған.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.