Қызылорда қаласында топтық төбелесте үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды. Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп атап өтті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды.
Оқи отырыңыз: Әлімжеттік: оқушы өліміне қатысы бар 2 күдікті қамауға алынды