Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Министр аса ірі көлемде пара беруге бопсалау фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында ұсталды.
«Шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде аса ірі көлемде (110 мың АҚШ доллары) пара алу фактісі тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қырғыз ІІМ атап өтуінше, қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша толық ақпарат беріледі
.