Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша ҚМА-ның бұрынғы қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.
Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.
Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі.
Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Анасы жоғалған қызының өліміне күдікті деп танылды