Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен
Атырау облысында атыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше түнгі сағат 22.00 шамасында Авангард ауданы аумағында болған. Видеодан белгісіз біреудің көлікке жақындап, бірнеше мәрте оқ жаудырғаны анық көрінеді. Соның салдарынан 1999 жылы туған 2 азамат пен 1995 жылғы ер адам қайтыс болды. Ал тағы біреуі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазір қылмыс жасады деген күдікпен Маңғыстау облысының тумасы ұсталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Осы іске күдікті Маңғыстау облысының 1993 жылы туылған азаматы ұсталды. Бұрын сотталмаған азамат. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу жүргізілуде», - деді Полиция департаменті баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет.