Талдықорған полициясының экс-бастығы cот залынан ауруханаға жеткізілді

Фото: Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД
Ол қыз зорлады деп айыпталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы сот залында есінен танып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Жетісу облыстық сотының мәлімдеуінше, процесс барысында оның денсаулығы сыр беріп, нашарлаған. Іле-шала жедел жәрдем көлігі келіп, сотталушыны залдан алып кетіпті. Қазіргі уақытта ол кардиологиялық орталықта, дәрігерлердің бақылауында жатыр.

– Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сотталушы Күштібаевті сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге шегерілді, – деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Күштібаев 13 қарашада 27 жастағы келіншекті зорлады деген күдікпен ұсталған. Аталған іске қатысты сот 28 ақпанда басталған. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Полицияның бұрынғы бастығы 9-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Жоқ пәтерді жалдаған: 25 азамат алаяққа алданып қалды

Новости партнеров