Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Комендатура мәліметінше, террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 402 қатысушысы ұсталды.
79 бірлік атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды.
Барлық хабарлама дер кезінде өңделді.