Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«16 қараша күні сағат 16:30 шамасында Ақтау қаласының аумағында 26-шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады», - делінген баспасөз мәліметінде.
Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», - деді полициядан.