Семейде құрдасын өлтірген жасөспірім 7,5 жылға сотталды

09.10.2023 14:43

Жантүршігерлік оқиға 6 маусымда «Мұрат» саяжайында болған

aikyn.kz

Семейде кәмелетке толмаған жасөспірімге үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі abainewskz порталына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 6 маусымда «Мұрат» саяжайында болған.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған екі бала болмашы мәселеге жанжалдасып, оның бірі қарсыласының мойнына пышақ сұғып жіберген.

Жарақат алған жасөспірім сол күні медициналық мекемеде көз жұмады.

18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған жас балаға адам өлтіргені үшін ҚК 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын кәмелетке толмағандарды ұстайтын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.