Компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, өзара бөліске салған
Шымкенттіктерді 700 млн теңгеге алдаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарынша, алаяқтықпен айналысқан компания басшылығы азаматтардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, өзара бөліске салған. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
– Қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді агенттіктің Шымкент қалалық департаменті жасап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды