Елімізде 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

10.01.2024 15:27

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр

elements.envato.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.