Аталған деректі прокурорлар анықтап, тергеп-тексерді
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
- Көмір отынын сатып алуға бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен қосалқы компания арқылы жасалған, - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтап, тергеп-тексерді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Қарағанды тұрғыны киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды