Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр
Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі өткен жылдың желтоқсанда Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстаған.
Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды.
Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрді.
Тергеу барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды.
Сондай-ақ олардың “Қазақстан темір жолы” АҚ объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды.
Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы 8 адамды ұстады.
Полиция қызметкерлері 25 тінту жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрі және діни кітаптар тәркіледі.
Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Аталған жұмыстар Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
Оқи отырыңыз: Құтқарушылар Алматы тұрғындарын тауға шығудан бас тартуға шақырды