Оралда ер адам әйелін көсеумен ұрып өлтірді

30.01.2023 15:39

Қылмыстық оқиға 29 қаңтарда болған

vesti.kz

БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық оқиға 29 қаңтарда екеуінің түскі асынан кейін болған.  

«1990 жылы туған ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, 1982 жылы туған азаматшаның басына көсеумен бірнеше рет соққы жасаған. Әйел есін жимастан сол жерде көз жұмған», - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.