Ұрланған көліктің 94-і иелеріне қайтарылды
Биыл Қазақстан аумағында 245 көлік ұрлығы тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері 245 көлік ұрлығы тіркеліп, соның 158-і бойынша қылмыстың беті ашылды. Бұл істер сотқа жолданды. Осы ұрланған көліктердің 94-і иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада
«Сонымен қатар, министрлік ұрланған көліктерді көршілес елдерден Қазақстан аумағына кіргізу әрекеттеріне қатысты сұраққа жауап берді. «Ондай фактілер, әрине, аз кездеспейді. Биылдың басынан қазіргі уақытқа дейін елімізде көршілес мемлекеттерде ұрланған автокөліктердің 32-сі анықталды. Олардың бәрі тәркіленіп алынды», - деп аталып өткен Ішкі істер министрлігінің деректерінде.