Қостанайда әкесі мен баласының арасында туындаған жанжалдың соңы қайғылы болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция басқармасы облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, ол сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша тіркелген.
«Жанжал әкесі мен баласының спиртті ішімдік ішуі салдарынан туындаған және ұрыс кезінде күдікті (әкесі) баласының басынан балтамен ұрып жарақаттаған. Қылмыс жасады деген күдікпен 73 жастағы ер адам ұсталды. Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деп түсіндіріп өтті полиция департаментінен.
Полицияда осыған ұқсас қылмыстарға жол бермеу мақсатында алкогольдік ішімдіктер ішуден бас тартуға, отбасы мен жұмыста салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.