Шымкентте 3 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азамат ұсталды

23.06.2022 18:47

Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеді

photo: inform.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылған, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асқан. Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.