Шымкентте зорланған әйелдің ісін ПД басшысы өз бақылауына алды

Polisia.kz
Polisia.kz
Шымкент қаласында ер адам 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов зорланған әйелдің ісін өз бақылауына алып, жәбірленушіні қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 мамырға қараған түні Шымкент қаласында ер азамат 37 жастағы әйелді үйіне қонаққа шақырып, мастықпен ұрып-соғып, зорлаған. Артынша әйелдің өзі полицияға жүгініп, жәбірленушінің сіңілісі әпкесінің жағдайын айтып, белгілі құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің көмегіне сүйенген. 

Жәбірленуші бұл жағдайда полиция өзін қорғап қалатынына үміттенетінін айтады.

«Жәбірленуші әйелді 25 мамыр күні таңертеңгі сағат 11-де өзім жеке қабылдадым. Сол кезде өзіне де әйелді зорлаған кез келген адам заң алдында тиісті жазасын алатынын айттым. Түптеп келгенде, бұл біздің – ол әйелдің алдындағы, оның отбасы алдындағы, жалпы азаматтар алдындағы борышымыз. Әйелге жасалған зорлық түбі – қатаң жазаға әкеп соғатынын әр адам түсінуі керек. Мысалы, ол біреудің анасы, қызы, апасы, я болмаса құрбысы боп келеді. Әйел зорлаған адам заң алдында тиісті жазасын алады», – деді Шымкент қаласы ПД басшысы Ералы Жұмаханбетов.

Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде оның ішімдік ішіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, артынша зорлағаны да белгілі болды. Мамандармен тиісті сараптамалар жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Новости партнеров