Заң бұзған адам жауапқа тартылды
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында ірі көлемде есірткі тасымалдаушыны ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Абай ауданы аумағында 40 жастағы ер адамның басқаруындағы Audi көлігі тоқтатылды. Автокөлік салонын тексеру кезінде жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты салынған изолентамен оралған полиэтилен пакет табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 104 грамм синтетикалық мефедрон есірткі заты болып шықты.
Ер адам интернет арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындардың координаттарын алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, қала аумағында жасырып жүргені анықталды.
Полиция аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұсталған азамат 297-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Оқи отырыңыз: Ерлі-зайыптылар қазақстандықтарды 1,5 миллиард теңгеге алдап кетті