22 жыл бұрын кісі өлтіріп, қашып жүрген ер адам ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Күдікті ер адам тергеу органдарынан жасырынғандықтан оған іздеу жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған ер адам Дағыстаннан ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасының Каспий қаласынан Павлодар облысының Екібастұз қаласында кісі өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан 41 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат қамауға алынды», – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. 

Полиция нақтылағандай, 1999 жылдың 4 сәуірі сағат 19.00-де Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жасар жас жігіт оқ ататын қаруды қолданып, Екібастұз қаласының 36 жастағы тұрғынын өлтірген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам тергеу органдарынан жасырынғандықтан оған іздеу жарияланды. Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды: ұрлық, төрт қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының күшімен 98 қылмыскердің мекенжайы анықталды. 

Айта кетейік, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі және әрі жалғасады.

Новости партнеров