Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК

06.10.2023 17:42

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, 5 қазан күні терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп  хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық әрекеттері үшін сотты болған.