Айыпталған үш азамат та заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды
Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды. Бұл туралы қалалық Экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу барысында кеңсе басшылары букмекерлік қызметпен қатар, ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысып, аса ірі мөлшерде 300 миллион теңгеден астам кіріс алумен шұғылданғаны анықталды. Ал, құмар ойындарға заңсыз ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау елдің әр өңірінде орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.
«Соттың үкімімен екі азамат 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ал, және тағы бір азаматқа 2 миллионнан аса айыппұл тағайындалған болатын. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттық айғақтар 100 миллионннан аса заттардың бәрі мемлекетке өндірілді», – деді қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.
Еске сала кетейік, Finbet букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу амалдары 2019 жылы басталған. Ал, былтыр желтоқсанда ауқымды арнайы операция өткізіліп, букмекерлік кеңсе заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған 8 өңірде тінту жүргізілген болатын.