Іске үш адам бірге кіріскен
Алматы полициясы кеңсе ұрыларын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу анықтағандай, қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Іске үш адам бірге кіріскен.
– Соңғы ұрлыққа үштік түнгі бір жарымда шығуды шешкен. Достық даңғылы бойындағы кеңсеге олар терезе арқылы кіріп, сол жерден кеңсе техникасын ұрлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер – 38-39 жаста. Олар – басқа жақтан келгендер. Қазір ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергелуде, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын хабарлады. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.