10 жеңіл жүрісті қыз интимдік кәсіппен айналысқан
Алматыда массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шаруашылықта – Монғолияның екі азаматшасы, олар әкімші қызметін атқарды. 10 жеңіл жүрісті қыз интимдік кәсіппен айналысқан.
«Олардың жарнамаларында боди массажы деп тұр. Сыртынан қарасаң қарапайым үш деңгейлі тұрғын үйге ұқсайды, белгісіз, ал, ішінде – жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Күшейтілген карантин күндері әйелдер өте мұқият болды: тек сенімді клиенттерді ғана кіргізген. Кеше түнде арнайы іс-шара жасалды. Жұмыс қызу жүріп жатты. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумалары, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталған мекеме қызметкерлері сол жерде орналасқан шағын жатақханада тұрады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Интимдік сипаттағы массаж жасауға үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша массаж салонының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.